Қош келдіңіздер!

Сіз жобалау және инжинирингтік қызметтер саласындағы мамандарды біріктірген компаниялар тобының құрамына кіретін "KazProject International" веб-сайтына кірдіңіз

Қош келдіңіздер!

Сіз жобалау және инжинирингтік қызметтер саласындағы мамандарды біріктірген компаниялар тобының құрамына кіретін "KazProject International" веб-сайтына кірдіңіз

Біз Сіздерге қандай көмек көрсете аламыз?

Егер Сіздерге қосымша салымдар жұмсауды талап етпейтін («Шеф, электр жоспарлары жетіспейді! Тағы ақша салу керек…») және соңынан жұмыс өндірушілердің ашулы түсініктемелеріне соқтырмайтын үйдің немесе офистің жобасы қажет болса, онда қызметін антидағдарыстық бағамен ұсынатын кәсіби мамандар сенім арту қажет.

Image

Компанияның құндылығы

БҮГІНГІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІМЕН ЖАСАЛҒАН ЖЕМІСТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫМЫЗ – ЕРТЕҢГІ ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ НЕГІЗІН ҚҰРАЙДЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕН АЯНБАЙ, ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМДЕРДІ ІЗДЕУ

ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ КЕЛЕЛІ ШЕШІМДЕР ИЛИ ШЕШІМДЕРДІ ҰСЫНУ

ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

ЗАМАН АҒЫМЫНА ҚАРАЙ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ОЙЛАҒАНДЫ ІСКЕ АСЫРУ

ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

САПАЛЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ ЖҰМЫСТЫ
АТҚАРУ ЖӘНЕ КӨП ЖЫЛДАР
БОЙЫ ЫНТЫМАҚТАСУ

ТӘЖІРИБЕМІЗДІ БІЛІМ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛДЫРУ

Біздің қызметтер

Жобалау "толық аяқталған"

Жобаларды басқару

Авторлық қадағалау

Техникалық қадағалау

Интерьер мен экстерьер дизайны

Құрылыс және техникалық аудит

Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру

Жекеленген бөлімдерді жобалау

Біздің міндетіміз – болашаққа деген қамқорлықпен жобалау!

block2

Біздің артықшылықтарымыз

Уақытпен бірге кемелдену!

Сонау 2008 жылдан бері жинақталған тәжірибеміз нарықтық экономика мәжбүрлейтін заман шынайылықтарын ескере отырып, қала құрылысында әлем деңгейіне сай, ең батыл және консервативті, қымбат және бюджеттік, фантастикалық және типтік жобалардың түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Кез келген жоба назар аударуды талап етеді!

Біздің жобалау бюромыздың кез келген қызметкері «ЖОБА» деп аталатын үлкен механизмнің әрбір тетігінің қаншалықты маңызды екенін айқын түсініп, шынайы ықыласпен жұмыс істейді.

BIM (Building Information Modeling) немесе су астындағы қайыққа қосқышты қалай жүргізеді?!

Жекелей алғанда 200 қабатты көкпен таласқан бір миллионнан астам адам жұмыс істейтін ғимаратты, СЭС және өрт қауіпсіздігі талаптарын сай қыла отырып, оның үстіне жайлылықты, бірінші қабатта орналасқан еркін паркингті, ойын-сауық мекемелерін және жалға берілетін алаңдарды ойластыру сияқты барынша шоғырлануды талап ететін жобаларды қалай әзірлеуге болады? "Мүмкін емес!" - дейді кейбіреулер. Алайда, әйгілі технологиялардың арқасында барлығын құрылыстың бастапқы кезеңдерінде есепке алуға болады, бұл тапсырушыны негізделмеген шығындардан немесе ертеректе келісілген нәрселерден бас тартуға мәжбүрлемейді.

Tempos Fugit!

Технологиялар мен жаңалықтар, заман ағымына қарай бір орнында тұрмайды, ол Еврокодтардың (EuroCodes) енгізілуімен, нормативтік-құқықтық базаларды сақтауды қатаң бақылаумен, сонымен бірге шығарылатын өнімдердің сапасын тексерумен расталады. Сеніңіздер және тексеріңіздер: бұл біз туралы!


Болашаққа деген қамқорлықпен

Жобалау – бұл шығармашылық тәсілді талап ететін және стандарттан тыс жағдайларды немесе жүзеге асыруы қиын нәрселерді атқаруда қолданылатын шешім. Біз сонымен жобаларымыздың 95%-ы (тоқсан бес пайызы) қатаң қадағалауда болғанын, көптеген жылдар бойы, тіпті ғасырлар бойы ұрпақтарымызға қызмет ететініне мақтанамыз!